Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ КОМИТЕТТЕРІ МЕН...

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы
1997 жылғы 7 мамырдағы № 101 Қазақстан Республикасының Заңы
(2015.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Сенаттың және Мәжілістiң тұрақты комитеттерi, сондай-ақ Парламенттiң бiрлескен комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жұмыс органдары болып табылады.

 

ҚР 1999.05.19. № 384-1 Заңымен 2-тармақ өзгертілді  

2-бап. Сенат пен Мәжіліс тұрақты комитеттерiнiң және Палаталар комиссияларының өкiлеттiгi мен қызмет тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен, Парламенттiң және оның Палаталарының регламенттерiмен белгiленедi.

 

3-бап. Сенат пен Мәжілістiң тұрақты комитеттерi тиiстi Палатаның депутаттары арасынан Парламенттiң бiрiншi сессиясында құрылады.

Сенат пен Мәжілістiң тұрақты комитеттерiнiң саны, олардың атауы Сенат пен Мәжілістiң отырыстарында тиiстi Палаталар депутаттарының ұсынысы бойынша белгiленедi.

Қажет болған жағдайда жаңа тұрақты комитеттер құрылуы, бұрын құрылғандарының таратылуы және қайта ұйымдастырылуы мүмкiн.

 

2-тарау. Қазақстан Республикасы Парламентінің

комитеттері мен комиссияларын құру тәртібі

 

4-бап. Сенат пен Мәжіліс құратын тұрақты комитеттердiң саны әрбiр Палатада жетiден аспауға тиiс.

 

5-бап. Сенат пен Мәжілістiң тиiстi тұрақты комитеттерi мүшелерiнiң санын Палата анықтайды.

 

6-бап. Сенат пен Мәжіліс тұрақты комитеттерiнiң төрағалары комитеттердiң саны мен атауы белгiленгеннен кейiн сайланады.

 

7-бап. Палаталар тұрақты комитеттерiнiң төрағалары Сенат, Мәжіліс отырысында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыc беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады.

 

8-бап. Тиiстi тұрақты комитет төрағасының қызметiне кандидатураларды Палата депутаттары ұсынады.

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку