«Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 345/НҚ бұйрығы
«Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 345/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 57 бұйрығымен бекітілген Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларымен айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14154 болып тіркелген).»;
12-тарау мынадай мазмұндағы 5-параграфпен толықтырылсын:
«5-параграф. Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер
186. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде берілген өкілеттіктерге сәйкес әрекет ететін уәкілетті органдар пошта қызметін тоқтата тұратын немесе шектейтін шешімдер қабылдаған кезде, пошта операторлары осындай шешімдерден туындайтын белгіленген талаптарды сақтай отырып, пошта байланысы қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.
Демо – версия документа