«Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 207 Қаулысы (күші жойылды)
«Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 207 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 180-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларында:
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын бекiтiлген тіркелген тарифтердiң деңгейлерiн жыл сайын түзетуге құқылы.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген тіркелген тарифтердi түзету туралы актiсi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн екi жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қуаты аз жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөніндегі объектiлерді енгiзудi ынталандыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерiн дамыту үшін табиғи, климаттық, техникалық немесе өзге де жағдайлары қолайсыздау жерлердi электрмен қамтамасыз ету үшiн тіркелген тарифтер жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөніндегі объектiлердің белгiленген қуатына байланысты сараланады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа