«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 114 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 114 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
5 «Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер» кіші сыныбында:
08 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«08 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 бюджеттік бағдарламасы бар 392 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«392 Астана қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы
001 Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
Демо – версия документа