«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде өз құзыреті шегінде жеке тұлғалардың петицияларын қарау;»;
мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2), 21-3), 21-4), 21-5), 21-6), 21-7) және 21-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
21-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
Демо – версия документа