«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 11-1-4/515 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 11-1-4/515 бұйрығы
ҚР Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 11-1-4/319 бұйрығымен күші жойылды
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2015 жылғы 8 мамырдағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының № 11-1-2/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11646 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бұдан әрі - паспорт) ресімдеу - күнтізбелік 80 (сексен) күн, ал қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады;
ата-анасының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда, олардың фотосуреттерін жапсыра отырып, 16 (он алты) жасқа дейінгі балалар туралы жазбаны енгізу (бұдан әрі - паспортқа жазба енгізу) - 3 (үш) жұмыс күні;
Документ утратил силу
Демо – версия документа