Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 690 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 690 Қаулысы

(2023.04.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бейбітшілік және келісім музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;

2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызмет болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции