Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығы

«Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Кодекстің 82-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары реттеушілік әсерге талдауға жатады.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламенті депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібінде әзірленген заңдардың жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде заңдар жобаларын қарау процесіне қолданылмайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку