«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 860 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 860 бұйрығы
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-3) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі - Үлгілік жоспар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
30-тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3250 «Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша міндеттемелер», онда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге және төлеуге байланысты операциялар көрсетіледі.».
Демо – версия документа