«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына 6-қосымша) (2019.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017.26.07. № 113 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығына
6-қосымша
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен күші жойылды
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан)
тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018.28.12. № 01-01/117 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019.23.07. № 245 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018.28.12. № 01-01/117 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019.23.07. № 245 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Документ утратил силу
Демо – версия документа