(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ КАДАСТРЛЫҚ (БАҒАЛАУ) ҚҰНЫН АЙҚЫНДАУ...
Осы редакция 2016 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.20.02. № 90 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
9-қосымша
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.20.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2016 жылғы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) бекітілген «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залы арқылы қабылдау. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің беру секторы арқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін (бұдан әрі - кадастрлық құн актісі) беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет көрсетушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Редакция документа
Демо – версия документа