«Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 757 Қаулысы (күші жойылды)
«Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 757 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 782 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір щешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азаматтарды тіркеу кітабы - азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін немесе тіркеуден шығарылуын растайтын құжат. Азаматтарды тіркеу кітабын ресімдеу және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) мекенжай анықтамасы — жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркелуін немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылуын растайтын құжат.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері не уақытша тұратын жері бойынша тіркеуді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері:
Қазақстан Республикасының азаматтарын - жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы;
халықтың көші-қоны саласындағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды - шетелдіктің тұруға ықтиярхаты не азаматтығы жоқ адамның куәлігі негізінде аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелері арқылы жүзеге асырады.
Ішкі көшіп-қонушыны тіркеу орны оның заңды мекенжайы болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа