2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (Жоба) (2023 жылғы 12 желтоқсанда) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 412 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа
өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың 3-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне (2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа № 1 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 331) тармақшамен толықтырылсын:
«331) «электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж» - жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын Одақтың кедендік аумағына әкелуге байланысты кеден органдары алатын міндетті төлем;»; мынадай мазмұндағы 471 - 473) тармақшалармен толықтырылсын:
«471) «электрондық сауда тауарлары» - жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары және жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары;
472) «жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары» - тараптардың бірі жеке тұлға болып табылатын мәміле шеңберінде «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің ресурстары пайдаланыла отырып, жеке тұлғаларға электрондық сауда алаңдарында өткізуге арналған Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар;
Документ утратил силу
Демо – версия документа