(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕМЕЛЕРДІҢ КОМАНДАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ АДАМДАРЫН АТТЕСТАТТ...
Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 1-қосымша
«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама), кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы (бұдан әрі- анықтаманың телнұсқасы).
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз электрондық өтінішті және (немесе) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылы) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Редакция документа
Демо – версия документа