Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/578 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 15 бұйрығы

 «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/578 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 15 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11780 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Аңшылық және балық шаруашылықтарының қорықшылық қызметіне он сегіз жасқа толған, қылмыстық соттылығы жоқ және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 382, 383, 384 және (немесе) 389-баптары бойынша) әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған адамдар қабылданады.

9. Аңшылық және (немесе) балық шаруашылықтарының субъектілері қорықшылық қызмет құрылғаннан немесе оның құрамы өзгергеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне тиісті ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қызметтік куәлігінің және омырауға тағатын белгісінің нөмірі көрсетілген қызметкерлердің тізімі) ұсынады.

10. Қорықшының құқықтары мен міндеттері:

Қорықшының:

1) кейiннен уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне мiндеттi түрде беру үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;

2) қызметтік қаруды алып жүруге және айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку