Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 632 бұйрығы (күші жойылды)

«Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 632 бұйрығы

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 95 (28573) жарияланған):

36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Ішкі айналымға арналған Қазақстанда шығарылған тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемшарттары:

1) тауарды қайта өңдеу нәтижесінде СЭҚ ТН бойынша тауар кодының кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгеруі;

2) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген үшінші елдің тауарын өндірісте пайдалану кезінде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттарды, өндірістік және технологиялық операцияларды орындау;

3) осы Қағидалардың 38-тармағының талаптары ескеріліп тауардың бағасындағы жергілікті қамту үлесі «франко-зауыт» бағасы шарттарымен дайын тауар құнынан кемінде 50 пайызды құраған кезде тауар құнының өзгеруі болып табылады.

37. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу негізгі өлшемі тауарды қайта өңдеу нәтижесінде СЭҚ ТН бойынша тауар кодының кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгеруі болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку