(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 Қаулысы
(2016.14.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы
№ 1098 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативінде:
ескертпеде:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тиістілік нормалары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметіне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс бөлімдеріне қолданылмайды.».
2. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысында:
Редакция документа
Демо – версия документа