Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМ...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1060 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2021 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
қағидалары
(2021.28.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2021.31.03. № 194 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО) биржасының тізіміне қосылған эмитенттердің облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2021.31.03. № 194 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін, оның ішінде АХҚО биржасының тізіміне қосылған эмитенттердің облигациялары бойынша субсидиялау эмитенттердің облигациялар бойынша сыйақы ретінде төленетін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің кәсіпкерлермен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку