«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 57 Қаулысы (күші жойылды)
«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 57 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 227 Қаулысымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8319 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Микроқаржы ұйымы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттары қоса берілген өтінішті қағаз тасымалдауышта не электрондық түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынады.».
Документ утратил силу
Демо – версия документа