«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруге бағытталған жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформаларды әзірлеу;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформалардың, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберінде іске асырылу барысын мониторингтеу және бағалау;»;
мынадай мазмұндағы 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;
7) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
8) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру;
9) әкімшілік деректердің сапасын айқындау.»;
1) тармақшада:
сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, бастапқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;»;
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа