«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 118 Қаулысы
«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 118 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18545 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мына:
1) оларға қатысты қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған күнінен үш жыл өтпеген уәкілетті ұйымның құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болып табылатын тұлғаларды;
2) оларға қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаларды;
3) КЖТҚҚ туралы заңға сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі тұлғаларды;
4) мынадай оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шет мемлекеттердің бірінде және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктерінде тіркелген тұлғаларды:
Америка Құрама Штаттары (Америкалық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы, Делавэр штаты және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
Андорра Князьдігі;
Антигуа және Барбуда мемлекеті;
Багам аралдары Достастығы;
Барбадос мемлекеті;
Белиз мемлекеті;
Демо – версия документа