«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 97 Қаулысы
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 97 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік мәндерде және ислам банктері үшін пруденциялық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай коэффициенттермен:
1) негізгі капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті (k1):
негізгі капиталдың:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;
операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен;
2) бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k1-2):
бірінші деңгейдегі капиталдың:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;
операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен;
3) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k2):
меншікті капиталдың:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;
операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен сипатталады.
Демо – версия документа