«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 67 Қаулысы (2016.30.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 67 Қаулысы
(2016.30.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1. Өтімділікті өтеу коэффициенттері және нетто тұрақты қорландыру
45-2. Өтімділікті өтеу коэффициенті сапасы жоғары өтімді активтердің кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде банктің операциялары бойынша ақша қаражатының нетто әкетілуіне қатынасы ретінде есептеледі.
Өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу мақсатында сапасы жоғары өтімді активтер деп мынадай талаптарға сай келетін активтер танылады:
банктің міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылмайды (репо, своп операцияларын және қайтарымды негізде жасалатын өзге де операцияларды қоспағанда);
кассадағы қолма-қол ақшаны сақтаудың ең аз қалдығын немесе банктің қызметін қамтамасыз ету шығыстарын жүзеге асыруға арналмаған;
Документ утратил силу
Демо – версия документа