«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 28 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 28 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 830 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 941 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12442 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың полиция, көліктегі полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты мекемелері мен оқу орындарының бастықтары лауазымға тағайындау кезінде осы бұйрықтың талаптарын қатаң басшылыққа алсын.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесі:
«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінің басшы құрамы» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің басшы құрамы»;
мынадай мазмұндағы «Қалалық, аудандық (қалалардағы аудандардың) төтенше жағдайлар басқармалары, бөлімдері бойынша» деген бөліммен толықтырылсын:
«
Қалалық, аудандық (қалалардағы аудандардың) төтенше жағдайлар басқармалары, бөлімдері бойынша | |
100100 | Өрт қауіпсіздігі |
072900 | Құрылыс |
Документ утратил силу
Демо – версия документа