Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАР МЕН ОБЛЫСТАР АУДАНДАРЫН...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Облыстық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың әкімдерін қызметке тағайындау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы
(2017.30.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентiнiң 2013.24.04. № 555 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 32 және 36-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. ҚР Президентінің 2017.30.10. № 570 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. ҚР Президентінің 2017.30.10. № 570 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж. № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:

мына:

«

Аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері

аудан әкімі

 

Әкімшілік Басшысы, облыстың тиісті аудандарының мәслихаты

»

деген жол алып тасталсын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку