(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛ...
Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 Қаулысы
(2015.08.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2014.16.10. № 1098 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.12. № 975 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай болып белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жұбайлары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін тұлғамен бірге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстары 1-сынып бойынша авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі;
Редакция документа
Демо – версия документа