Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 Нормативтік қаулысы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 Нормативтік қаулысы

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1.«Есірткі, психотроптық, және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» 1998 жылғы 14 мамырдағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 2, 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 19, 2003 жылғы 11 шілдедегі № 7, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы»;

2) бүкіл мәтін бойынша:

«дәрежеленетіні», «дәрежеленеді», «дәрежелеу», «дәрежеленуге», «дәрежеленуді», «дәрежеленуі» деген сөздер тиісінше «сараланатыны», «сараланады», «саралау», «саралануға», «саралануды», «саралануы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«ҚІЖК-нің», «ҚК-тің» деген сөздер тиісінше «ҚПК-нің», «ҚК-нің» деген сөздермен ауыстырылсын;

«заттарды», «заттар» «заттарға» «заттың», «затты», «зат», «заттармен», «заттардың» деген сөздерден кейін тиісінше «сол тектестерді», «сол тектестер», «сол тектестерге», «сол тектестің», «сол тектесті», «сол тектес», «сол тектестермен», «сол тектестердің» деген сөздермен толықтырылсын;

«қылмыс», «қылмыстың», «қылмысты», «қылмысы», «қылмыстары», «қылмыстарды», «қылмыстардың» деген сөздер тиісінше «қылмыстық құқық бұзушылық», «қылмыстық құқық бұзушылықтың», «қылмыстық құқық бұзушылықты», «қылмыстық құқық бұзушулығы», «қылмыстық құқық бұзушулықтары», «қылмыстық құқық бұзушулықтарды», «қылмыстық құқық бұзушулықтардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку