«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 151 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 151 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік параметрлері мен басқа да сызықтық өлшемдері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:
1) жол берілетін ұзындығы:
жеке автокөлік құралдары:
М1, N және О (тіркеме) санатты 12,0;
М2 және М3 санаты 13,5;
біліктері екіден көп М2 және М3 санатты 15,0;
тіркемесі бар М2 және М3 санаты 18,75;
М2 және М3 санатты буындастырылған автобустар 18,75;
құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар 20,0;
2) жол берілетін ені:
барлық автокөлік құралдары 2,55;
автокөлік құралдарының изотермиялық шанақтары 2,6;
3) жол берілетін биіктігі:
барлық автокөлік құралдары 4,0.»;
4-тармақ алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа