(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «КЕЙБІР НҰСҚАУЛЫҚ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1155 Қаулысы
(2022.02.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Премьер-Министрдің атына бірінші басшының қолы қойылған хат-хабар ғана жіберіледі.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының атына жіберілген Үкімет басшылығының тапсырмаларына қатысты хаттарды;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қамтитын құжаттарды қарамастан қайтарады.»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістері, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы кеңестер (бұдан әрі - жұмыс кеңестері), әдетте, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 6, «Үкімет үйі» мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта селекторлық режимде де, оқшауландырылған режимде де өткізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерін және жұмыс кеңестерін селекторлық режимде өткізу кезінде:
Редакция документа
Демо – версия документа