«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 және «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 522 Қаулысы (2023.24.07. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 және «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 522 Қаулысы
(2023.24.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ) жарғысында:
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді Жалғыз акционер қабылдайды.
Жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер Жалғыз акционер дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған кезде белгілеген мерзімде төленеді.
Демо – версия документа