«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 37 Қаулысы
«2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 37 Қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 62-1, 62-2 және 64-1-жолдармен толықтырылсын:
«
62-1 | Ұлттық фильмдер өндірісі | Халықтың рухани қажеттілігін қанағаттандыра алатын, мемлекеттің мүддесіне және әлемдік аренада мемлекеттің бедел-бейнесіне қызмет ететін, көркемдік деңгейі жоғары ұлттық фильмдерді өндіру | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі | «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ | 033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті арттыру және қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің жүзеге асырылу тиімділігін арттыру» 104 «Ұлттық фильмдер өндірісі» | 795283 |
Демо – версия документа