Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 32 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 32 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 Қаулысымен 2019 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру және шетел валютасын сатып алу және сату тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Шетел валютасын сатып алу және сату тәртібi

16. Заңды тұлғалар (уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдарды қоспағанда) ішкі валюта нарығында шетел валютасын уәкілетті банктер арқылы осы Қағидалардың 17 немесе 19-тармақтарына сәйкес ресімделетін шетел валютасын сатып алуға немесе сатуға арналған өтінімнің негізінде сатып алады және сатады.

17. Уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым болып табылмайтын резидент заңды тұлға уәкілетті банк арқылы шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімді ресімдеген кезде шетел валютасын сатып алудың мақсаты мен сомасын көрсетеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку