Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 19 наурыздағы

№ 230 бұйрығымен бекітілген

 

 

«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексін, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында әзірленген және тамақ өнімін көтерме және бөлшек сауда объектілерінің (бұдан әрі - объектілер) қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді, оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупін төндіреді.

2. Осы Санитариялық қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның айналымына қатысты өзге де талаптар белгіленген тамақ өнімдерінің айналымына қолданылмайды.

3. Санитариялық қағидалар:

1) объектілердің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, жөндеуге және пайдалануға беруге;

2) сумен жабдықтауға, су бұруға, объектілерді жарықтандыру мен желдетуге, сауда және басқа үй-жайлардың ауасына, микроклиматына;

3) объектілерді, жабдықтарды күтіп-ұстауға және пайдалануға;

4) тамақ өнімдерін тасымалдау, сақтау, өлшеп-орау және өткізу жағдайларына;

5) объектілердің аумағын күтіп-ұстауға, тұтыну қалдықтарын жинауға, залалсыздандыруға және тасымалдауға;

6) тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, персоналды медициналық тексеріп-қарау және гигиеналық оқытуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку