«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 934 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 934 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
159-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«159-2) Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
227) және 228) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«227) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесін әзірлейді;
228) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою және оларды алып қою көлемдерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;»;
мынадай мазмұндағы 239-1), 239-2), 239-3), 239-4), 239-5) және 239-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«239-1) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерiн қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзірлейді және бекiтедi;
239-2) ихтиологиялық байқаулар қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
239-3) балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Демо – версия документа