(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2015.30.05 № 501 БҰЙРЫҒ...
Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 501 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелді) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің - www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің паспорттық елтаңбалы мөрімен және қолымен куәландырылған уақытша жеке куәлік беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
Редакция документа
Демо – версия документа