Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекітілген) (2019.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.07.02. № 52 бұйрығымен қиғада жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
№ 801 бұйрығымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру
қағидалары
(2019.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібін анықтайды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.19.07. № ҚР ДСМ-105 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) әкімшілік деректер - алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық және (немесе) сапалық деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;
Документ утратил силу
Демо – версия документа