«Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1251 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1251 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 78 ерекшелікпен толықтырылсын:
«78 Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот салған ақшалай өндіріп алулар»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
9 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарлама бойынша:
Документ утратил силу
Демо – версия документа