«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 28 бұйрығы
«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 28 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру мыналарды:
1) объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеуге бергенге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның оны заңды тұлғаның жарғылық капиталын төлеуге беру туралы шешімі болған кездегі;
2) газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін беру;
3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;
4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру;
5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру;
6) қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының балансына бекітілген объектілерді беру;
Демо – версия документа