«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 642 Қаулысы (күші жойылды)
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 642 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 1022 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 500-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларында:
28-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ гранттық қаржыландыру жобаларының нәтижелілігін қамтамасыз етуге ықпал ететін өзге де біліктілік талаптары;»;
екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары шарт жасалғаннан кейін уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа