(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ ҚАУ...
Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауіпсіздіктің
кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1240 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 16.07.03 ж. № 700 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2020 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республиканың мұнай-газ секторындағы қауіпсіздік пен нақты және ықтимал қатерден және қол сұғушылықтардан қорғау жүйелерін дамытуға жағдай жасаудың қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Семсер" жабық акционерлік қоғамында (бұдан әрі - "Семсер" ЖАҚ) мұнай-газ кешенінің қызметкерлерін, объектілерін, қызметі мұнай-газ саласымен тікелей байланысты жеке және заңды тұлғаларды күзетуді қамтамасыз ету жөнінде арнайы құрылымдық бөлімше құру назарға алынсын.
ҚР Үкіметінің 16.07.03 ж. № 700 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды
Редакция документа
Демо – версия документа