«Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 728 бұйрығы
«Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 728 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрығымен бекітілген Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарында:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауар биржаның электрондық сауда жүйесi (бұдан әрі - ТБЭСЖ) - электрондық биржалық сауда-саттықты өткiзу үшін қажеттi және биржалық мәмiлелер жасасу, сондай-ақ ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесiн автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтамасыз етілуі, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешенi.»;
10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа