(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ТАУ-КЕН ӨНДІРІСТЕРІН (КӨ...
Осы редакция 2019 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2017.28.06. № 221 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 380 бұйрығына
6-қосымша
«Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.13.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi - мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, электрондық құжат нысанында немесе уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Редакция документа
Демо – версия документа