«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 597 Қаулысы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 597 Қаулысы
Қазақтан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1149-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қордың (оның Басқармасының) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Е 10 көшесі, 17/10.»;
13-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен және шарттарда жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерге) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті болған жағдайда мемлекет Қор, ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган арқылы иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеленудің басым құқығына ие болады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-бөліммен толықтырылсын:
«7-1-бап. Қорды басқару жөніндегі кеңес
Демо – версия документа