«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 565 Қаулысы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 565 Қаулысы
(2022.03.06. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қосылу жолымен байқау кеңесін енгізе отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
Демо – версия документа