(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ДАМ...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп берсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есепті ұсынсын, сондай-ақ бірінші басшының қолын қойғызып, оны (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) интернет-ресурста орналастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен жиынтық қорытындының жобасын берсін.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 маусымына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен жиынтық қорытынды берсін.
Редакция документа
Демо – версия документа