«Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 265/НҚ бұйрығы
«Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 265/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес әзірленді және пошта операторларының пошта байланысы қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақаулы жөнелтілім - салынымына қол салушылық белгілері бар (буып-түю бүтіндігі бұзылған) немесе салмағы қабылданған кездегі салмаққа сәйкес келмейтін пошта жөнелтілімі;
Демо – версия документа