(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕМЕЛЕРДІҢ КОМАНДАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ АДАМДАРЫНА ДИПЛОМ Б...
Осы редакция 2017 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 556 бұйрығына
2-қосымша
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
1) Министрлiктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО);
2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын (ХҚО)-қа, тапсырылған сәттен бастап сондай-ақ портал арқылы кезде:
кәсіби дипломды беру - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
кәсіби дипломның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күн.
ХҚО жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ХҚО-да - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ХҚО-да - 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасы.
Редакция документа
Демо – версия документа