«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 157 бұйрығы (күші жойылды)
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 157 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12590 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
3-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) қазынашылық сүйемелдеу - Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарында «пилоттық жобаны» іске қосу үшін құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының - бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау;»;
Қағидаларының 19-қосымшаға сәйкес Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шартта:
2.5.-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жеткізілген тауарлардың саны, бірлік бағасы мен жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, Өнім беруші/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған шот-фактура;»;
Қағидаларының 20-қосымшаға сәйкес Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шартта:
3.5.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3.5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) орындалған жұмыстардың актісі (актілері)30;
Документ утратил силу
Демо – версия документа