Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 және «Шетел тасымалдаушыларының және әуе кеңістігін пайдалану қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілген қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 530 бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 805 бұйрығы (2020.13.10. берілген өзгерістермен)

 «Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 және «Шетел тасымалдаушыларының және әуе кеңістігін пайдалану қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілген қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 530 бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 805 бұйрығы

(2020.13.10. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15386 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 тамызда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілгенҚазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шетелдік тасымалдаушы аккредиттеу үшін www.egov.kz, www.elisense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті және келесі құжаттарды ұсынады:

1) шетелдік тасымалдаушы жарғысының электронды көшірмесі;

2) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі, немесе филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының электронды көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасында тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың электронды көшiрмелерi;

4) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, немесе филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың электронды көшірмесі;

5) азаматтық әуе кемесін шетел пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электронды көшірмесі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции