(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫН...
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы
келісім
Осы редакция 2021 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 Қаулысымен мақұлданды
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор),
Қордың жалғыз акционері (бұдан әрі - жалғыз акционер) ретінде Үкімет өкілеттіктерінің және мемлекеттік реттеумен байланысты өкілеттіктердің аражігін ажырату қажеттілігін мойындай отырып;
Қордың мақсатына қол жеткізу және оның алдында тұрған міндеттерді орындау үшін шарт ретіндегі корпоративтік басқарудың озық практикасына сәйкес Қорды басқару қажеттілігін негізге ала отырып;
төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.
Осы келісім Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын белгілейді және мәселелерін, оның ішінде Қор қызметінің мәселелері бойынша оған Үкімет қоятын талаптарды, сондай-ақ Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін реттейді.
2. Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттары
Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) Үкімет тарапынан Қорды басқару «Ұлттық әл-ауқат Қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және (немесе) Қордың жарғысында көзделген жалғыз акционердің және Қордың директорлар кеңесіндегі Үкімет мүшелері өкілдігінің өкілеттіктерін іске асыру арқылы ғана жүзеге асырылады;
Редакция документа
Демо – версия документа